Ата-аналарды қолдау орталығы

21.12.2025

Ата-аналарды                    педагогикалық қолдау орталығы жоспарына орай, ата-аналар үшін «Логикалық ойлау – табыстың негізі» тақырыбында танымдық-тәрбиелік бағыттағы кездесу өткізілді.
Мақсаты:  
Ата-аналарға баланың логикалық ойлауын дамыту жолдары туралы түсінік беру, бұл қабілеттің оқу мен өмірлік табысқа тигізетін әсерін талқылау.
Өткізу барысы:  
- Логикалық ойлаудың маңызы мен түрлері түсіндірілді.  
- Балаларда бұл қабілетті дамыту жолдары (ойындар, сұрақтар, тапсырмалар) ұсынылды.  
- Ата-аналармен кері байланыс ұйымдастырылып, тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік берілді.  
- Тақырыпқа байланысты практикалық жаттығулар орындалды.
Қорытынды:  
Ата-аналар логикалық ойлаудың баланың интеллектуалдық дамуына және өмірлік табысқа жетуіне үлкен әсері бар екенін түсінді. Көптеген ата-аналар мұндай кездесулердің пайдалы екенін айтып, алғыстарын білдірді.

Просмотров: 2625


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу